Ішкі істер министрлігі Архат Амантаевты іздеуге былтыр ақпан айында пәрмен берген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның Шығыс Қазақстан аумағында жоғалғаны өткен жылы ақпан айының 6-сы күні тіркелді. Qamqor.gov.kz ақпаратынша, Архат Қайырлыұлының табылмай жатқанына тура 438 күн болды.
– Іздеу бастамашысы – ҚР Ішкі істер министрлігі. Іздестіруді жүргізетін орган – Өскемен қалалық Полиция басқармасы, – делінген ақпаратта.
Мәлім болғандай, Архат Амантаев үйінен шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен.
Фото: ernur.kz
Пікірлер