A+ A A-

talgatzhan 32 20-04-2026, 11:30 0

Алматы–Өскемен тасжолында болған жол апатынан 11 адам зардап шекті

Бүгін / Өскемен

Алматы–Өскемен тасжолында жол-көлік оқиғасы болды. Полиция мәліметінше, Foton және Mercedes-Benz Sprinter көліктері соқтығысқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, Foton жүргізушісі екінші жолақтан кері бұрылу кезінде маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, шағын автобуспен соқтығысқан.

Оқиға салдарын куәгерлер видеоға түсірген. Кадрлардан соққы көліктің бүйір тұсына тигені көрінеді, соның салдарынан есіктер қысылып қалған. Кейбір зардап шеккендерді көліктен арнайы құралдардың көмегімен алып шығуға тура келген.

Оқиға орнына ТЖД құтқарушылары келіп, арнайы жабдықтар арқылы адамдарды босатқан.

Жалпы 11 адам ауруханаға жеткізілді.

- Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде, барлық мән-жай анықталып жатыр, - деп хабарлады полиция.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив