A+ A A-

talgatzhan 36 20-04-2026, 11:35 0

ШҚО-да кене энцефалитіне қарсы 1300 гектардан астам аумақ өңделеді

Бүгін / ШҚО

Өңірде кене энцефалитіне қарсы эндемиялық аумақтарды өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Облыс бойынша 7 сәуір мен 12 мамыр аралығында жүргізілетін дезинсекциялық жұмыстарға заманауи препараттар қолданылады. Іс-шараларды орындау үшін төрт арнайы бригада құрылған.

Бұл туралы Ұлттық сараптама орталығы ШҚО бойынша филиалы дезинфекция бөлімінің басшысы Гүлмира Әділбаева хабарлады.

– Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – қауіпті жұқпалы ауруларды тарататын кенелер мен кеміргіштердің санын азайту. Өңдеу жұмыстары аяқталғаннан кейін аумақтарға арнайы ескерту белгілері орнатылады. Өңделген аумақтарда уақытша мал мен құс жаймау қажет. Себебі қолданылатын препараттар оларға зиян келтіруі мүмкін, - деді ол.

Эпидемияға қарсы іс-шаралар Өскемен, Риддер қалаларын және Ұлан, Глубокое, Самар, Күршім, Марқакөл, Зайсан, Тарбағатай, Катонқарағай, Үлкен Нарын, Шемонаиха, Алтай аудандарын қамтиды. Қазіргі уақытта өңдеу жұмыстары Өскемен қаласы мен Ұлан ауданында толық аяқталған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив