A+ A A-

talgatzhan 30 20-04-2026, 11:40 0

ШҚО-да құрылысы жұмыстарының көлемі 17,4%-ға артты

Бүгін / ШҚО

2026 жылғы қаңтар-наурызда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 14,8% өсіп, 1 231,4 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Бюроның мәліметінше, құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі негізінен құрылыс нысандарын салу және жөндеу жұмыстарының ұлғаюымен (37,5%-ға) байланысты.

- Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең үлкен үлес автомобиль және теміржол жолдарын, сондай-ақ метрополитенді салу жұмыстарына (жалпы көлемнің 25,5%), тұрғын емес ғимараттар (22%) мен тұрғын үйлер (11,6%) құрылысына тиесілі, - делінген хабарламада.

Өңірлік бөліністе құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі республиканың 16 өңірінде байқалды. Айтарлықтай өсім:

Ұлытау облысында (2 есе),

Жамбыл облысында (52,7%),

Павлодар облысында (26,6%),

Маңғыстау облысында (23,1%),

Қызылорда облысында (22%-ға),

Батыс Қазақстан облысында (17,4%-ға),

Түркістан облысында (17,4%),

Шығыс Қазақстан облысында (15,9%), 

Шымкент (49,2%),

Алматы қалаларында (22,7%) тіркелген.

2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында пайдалануға берілген жаңа нысандардың жалпы алаңы 4 846,9 мың шаршы метр болды. Тұрғын үйдің жалпы алаңы 2025 жылғы қаңтар–наурызбен салыстырғанда 3,8%-ға өсіп, 3 869,4 мың шаршы метрге жетті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив