17-23 қаңтар аралығына арналған жұлдыз-жорамал

29946
көрілім

Тоқты

Ішкі сезіміңізге тұсау сала алмайсыз. Егер біреуді ұнатып қалсаңыз батылдық танытып, көңіліңізді білдірген жөн. Жұмыста да барынша ашық болыңыз: әлденені бүлдіріп алсаңыз басшылыққа айтудан жасқанбаңыз.

Торпақ

Талантыңыз бен қабілетіңіздің арқасында табысыңыз да өседі. Жұмысқа қатысты тиімді ұсыныстар түсіп жатса көп ойланбастан келіскеніңіз дұрыс. Үлкендермен ұрсыспауға, қайта ақылын тыңдауға дағдыланыңыз.

Егіздер

Тіпті жақын адамыңыз қарызға ақша сұраса да әзірге бас тартқаныңыз жөн. Олай етпесеңіз, қаржылық жағдай өзіңізде де қиындауы ғажап емес. Апта ортасына қарай жұмыста тапсырмалар көбейеді.

Шаян

Қазір барынша жинақы әрі сақ болыңыз. Мұқият назар аудармасаңыз маңызды нәрселерді кәперден шығаруыңыз мүмкін. Әзірге махаббат хикаясын бастау мүмкін болмайды, бар жұмыс бір өзіңізге қарап тұр.

Арыстан

Маңайыңызға неғұрлым арман-мақсаты айқын адамдардың жиналғаны дұрыс. Тіпті өзіңіз араласпайтын адамдармен мүлде байланыс үзгеніңіз жөн. Жұлдыздар уақтылы тынығып, денсаулыққа немқұрайлы қарамауға шақырады.

Бикеш

Жұмыста өзіңізге берілген тапсырмадан тыс артық жүктеме алмаған абзал. Бір рет келіссеңіз, кейін дәндеп алады өзгелері. Нәзік жандыларға дүкен аралап, ұнатқан киімін сатып алуларына қолайлы кез.

Таразы

Осыған дейін бітпей қалған шаруаларыңыз болса, апта ортасында тіптен шиеленіспек. Барынша сабыр мен төзімділікті бойға жинаңыз. Біреу-міреу артық салмақтан арылуды мақсат етсе мықтап қолға алғандары дұрыс.

Сарышаян

Қай сала болсын бірінші қадам жасаудан жасқанбаңыз. Қаңтар айының 18-22 аралығында тосынсый мен сыйлықтар күтіп тұр. Өзіңізді жарқын жетістіктерге жетуде қолдаған жандарға алғыс білдіріңіз.

Мерген

Үлгермей жатқан жұмысыңыз болса үйге келіп аяқтаудың қажеті жоқ. Жан-жарыңыз дұрыс қабылдамауы мүмкін, сол себепті жұмыс уақытында белсенді болыңыз. Апта ортасында қаражат жағынан қиналуыңыз мүмкін.

Тауешкі

Қазір қабылдаған шешіміңіз кейін үлкен өміріңізде елеулі рөл атқармақ. Не істесеңіз де асығудың қажеті жоқ, одан да әліптің артын бағыңыз. Демалыс күндерін шығармашылыққа арнаңыз.

Суқұйғыш

Денсаулығыңызға немқұрайлы қараудан аулақ болыңыз. Ауа райының бір суып, бір жылып кетуінен тұмау тиіп қалуы ғажап емес. Жақындарыңыз бен достарыңыз көмек сұраса бас тартпаңыз.

Балықтар

Қандай ұсыныс түссе де күмәнмен қарауға тырысыңыз. «Жылтырағанның бәрі алтын емес» демекші, келісемін деп бармақ тістеп қалмаңыз. Бала-шағаңыз аз-кем еркелікке басып, ойыншықтар сатып әперуіңізге қолқа салады.