20 тоннаға жуық балықты заңсыз аулаған Тарбағатай ауданының тұрғыны үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

18337
көрілім

Қазан айының 25-і күні Тарбағатай ауданы аумағындағы «Омбы–Майқапшағай» тасжолының 29-шы шақырымында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы барысында кезекті заңсыздық тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласының 58 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан жүк көлігін тоқтатты. Анықталғандай, ол рұқсат құжаттарсыз 20 тоннаға жуық көксерке балығы мен табан балықты тасымалдаған. Келтірілген жалпы шығын 116 миллион теңгеден асады.


- Тарбағатайлық тұрғынға қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы, 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған бапта үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, - деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметов.