70 жастағы Уганда тұрғыны егіз босанды

290
көрілім
Фото:Kazinform.kz сайтынан

70 жастағы угандалық әйел ЭКО бағдарламасы бойынша егіз сәбиді дүниеге алып келді.  Дәрігерлер өмір есігін ашқан ұл мен қыздың дені сау екенін айтып отыр.  Buqara.kz бұл туралы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Сафина Намуквайя – Африка құрлығында босанған ең кәрі әйел. Ол 70 жасында егіз көтеріп, дені сау балаларды дүниеге әкелді. Ұл мен қыз Уганданың Кампал қаласындағы халықаралық әйелдер госпиталінде өмірге келді.

Медициналық мекеменің Facebook парақшасында «Ана мен балалардың жағдайы жақсы», - деп жазылған.

Ол экстракорпоралды ұрықтандыру тәсілі арқылы бала көтеріп, кесір тілігі жолымен босанған.

Клиника қызметкерлерінің сөзінше, Сафина осы жасында ана атанып, Африка рекордын орнатқан.

Жас ана угандалық НТВ телекомпаниясына берген сұхбатында егіздерді көтеру оңайға соқпағанын және бала көтеру үшін жинаған бар қаржысын жұмсауға тура келгенін айтты.