Өскеменде үшем дүниеге келді

754
көрілім

Үшемнің  бірінің салмағы екі келіге жуық. Айталық, Алена 1900, Маруся 1846, ал Марина 1435 граммды көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сәбилердің анасы жүктіліктің 34-ші аптасында ауруханаға түскен. Отыздың төртеуін толтырған Екатерина осымен екінші рет босанды.
«Дәрігерлер кесарь тілігі арқылы босандырды, – дейді облыстық Денсулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер. – Қыздардың салмағы аз әрі тыныс жолдарының дұрыс жетілмеуіне байланысты ақ халаттылар бақылауды күшейткен. Нақты айтсақ, жаңа туған сәбилерге арналған реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне ауыстырылды».
 Жансақтау бөлімінде жағдайлары оңалғанша тыныс алуды қолдайтын CiPAP аппараты қолданылыпты. Ауруханадан шығарар алдында үшемнің салмақ қосқандары байқалды.
Ана мен бала орталығы дәрігерлерінің айтуларынша, үш жыл бұрын дәл осындай зор қуаныштың куәсі атанған.
«Үшемнің дүниеге келуі ата-анасы үшін ғана емес, бүкіл мекемеге тосынсый болды. Перзентханадан шығарарда шақалақтардың салмағы 2540, 2342, 2030 граммды көрсеткен», – деді ақ халаттылар.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағылар биыл қаңтар, ақпан айларында өңірде 1499 сәби туған дейді.

Айым ДҮЙСЕНБИНА