Пәтер жалдағанда алаяқтарға ұрынбаудың бірнеше жолы бар

19135
көрілім
Шартты сурет

Ең алдымен, сайттағы хабарландыруларды қарау кезінде өте мұқият болу керек. Қазақстан риэлторлар қауымдастығының маманы Нина Лукьяненко алаяқтардың қандай схемаларды жиі қолданатынын айтып берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Сайтта орналастырылған пәтердің суреті тартымды және бағасы көңілге қонымды болса, онда бұл бірінші кезекте алаңдаушылық туғызуы тиіс. Себебі, алаяқтардың көпшілігі жарнамаға әдемі фотосуреттер жариялап, төмен баға ұсынады. Екіншіден, жылжымайтын мүлікті тексеріп алмай, ешкімге ақша жіберуге болмайды», - деді Қазақстан риэлторларының өзін-өзі реттейтін қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында.

Айтуынша, жалға алғанға дейін жылжымайтын мүлікті көру керек, содан кейін тұрғын үйге құқық беретін құжаттарды тексеру қажет, ол иесінің жеке куәлігін тексеруден басталады.

«Сонымен қатар, риэлторлық қызметке не кіретінін түсіну маңызды. Біріншіден, риэлтордың барлық алаяқтардан, ал алаяқтың риэлторлардан және ақпараттық қызмет көрсететін компаниялардан айырмашылығы, ол ең алдымен мүлікті көрсетеді. Демек, адам алдымен үйді өз көзімен көруі керек. Риэлтор меншік иесі мен болашақ жалға алушы арасында келісім-шарт жасау қызметін ұсынады», - деп қосты Нина Лукьяненко.