Зайсан қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

7408
көрілім

2 қазан күні Зайсан қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалдың дамуының түрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталады.Осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысы бойынша шаралар қарастырылған.

- Зайсан қаласының тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және іс-шараға тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтан.