Абай облысындағы өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

10042
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Жуықта Абай облысында болған өрт фактісі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексі 292-бабы 2- бөлігіне сәйкес (Абайсызда 2 немесе одан да  көп адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қылмыстық іс арнайы прокурорлардың қолына тапсырылды.
 - Құқық қорғау және арнайы органдардың тәжірбиелі мамандарынан ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды.
Одан бөлек, адам өлімі және қоршаған ортаға  зиян келтіруге әкеп соққан ауыр зардаптарды ескере отырып, арнайы прокурор салғырттық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, - делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметінде.
Тергеу кезінде жауапты лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға беріледі.

Ақмарал МҰХТАРБЕКОВА