Алмат Кебіспаев жартылай финалдағы жеңілісінің бір себебін жеке бапкерінің болмағанымен байланыстырды

27085
көрілім

Грек-рим күресінен Әлем чемпионатының бес дүркін жүлдегері үржарлық Алмат Кебіспаев Осло шаһарында қарсыластары пен бәсеке туралы кеңінен айтып, сұхбат берген еді. Оқырманға соның үзіндісін беруді жөн көрдік, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Негізгі сауал ширек финалда жолыққан жарыс қожайыны мен жартылай финалдағы сәтсіздігі хақында еді.
– 67 келіге дейінгі салмақта әлемдік рейтингте үшінші орында тұруым жеребе тастағанда өте тиімді. Өйткені, алғашқы төрт балуан жартылай финалға дейін кездесе алмайды. Мен соңғы топқа түстім. Алдымен 2020 жылғы Еуропа чемпионы, Беларусь балуаны Максим Негоданы ұттым. Ширек финалда тағы бір Еуропа чемпионы, кілем қожайыны Мортен Торесенмен кездестім. Көпшілік байқаған шығар, төрешілер аздап Торесенге бүйрек бұрды. Десе де жамбас әдісін пайдаланып, өзіне қарсы әдіс жасап кеттім.

Ал жартылай финалға келсек, тактикалық қателіктер болды. Төрттағанда жиі қате жіберетінмін. Әйтеуір Ослода бұған жол бермедім. Есесіне, тік жүріп белдескенде қиындықтар болды. Ұпайымды қайтарамын деп, жанталасып бақтым. Жанымда Боранбек ағайым болған жоқ. Кейін ол кісі менің асығып кеткенімді, төрттағанды күтпегенімді айтты, – деді Алмат Қабдрашұлы.

Әділхан ЕСІМХАНОВ