Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да ғалымдар саны артқан

390
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл туралы аталған білім ошағында өткен жиын кезінде айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мұнымен қоса университетішілік деңгейде төбе көрсетіп келе жатқаны сөз етілді. Университет ректоры Сәуле Рахметуллина айтқандай, қабілетті жастарды түрлі шараларға тарту еш уақытта бәсеңсімеуі керек. Себебі, ауылдан келген студенттер арасында таланттылары баршылық.
- Жастарды көптеп шақыру, оларға өзі қалаған білім беру бізде үнемі басшылықта тұрады. Осы уақытта білім ошағынан түлеп ұшқан талайы іргелі кәсіпорындарда жұмыс істеп, кейбірі жаңа дүниелер ойлап тауып жатыр. Соңғы жылдары мұндағы ғалымдар саны 1,5 есеге артқан. Олар түрлі бағытты қамтып, инженерия тұрғысында түрлі жобалар ұсынуда. Бұл жерде университетте қолға алына бастаған ғылымдағы ашық модель үлгісі де біршама тиімді, - деді Сәуле Жәдігерқызы.

Белгілі болғандай, ғалымдар өңір кәсіпорындарына қажет құралдар мен агрегаттар жасауға басымдық береді. Машина жасау жағы дамып келе жатқандықтан көп бастама қолдап тауып келеді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласы тұрғысында да фермер планшеті, геология бойынша бірнеше жоба бар. Сәуле Рахметуллинаның сөзінше, мұның барлығы тек өңір кәсіпорындары үшін ғана емес, ел экономикасы үшін де тиімді.