Даниал Ахметов Жарма ауданындағы көпбалалы отбасылардың тұрмысымен танысты

623
көрілім

Бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов арнайы іссапармен Жарма ауданына атбасын бұрып, ондағы тұрғындар мен көпбалалы отбасылардың тұрмыс-тіршілігімен танысып қайтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аймақ басшысы жуықта үйлі болған көпбалалы жанұяларды аралап шықты. Бүгінде баспана бақытына қол жеткізген отбасылардың көңілі шат. Себебі олар тұрғын үй кезегін ұзақ күткен.

– «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тегін баспанаға қол жеткізіп, көңілімізді қуаныш кернеді. Үйіміз жылы, іші кең, қолайлы. Осындай қамқорлық көрсете білген облыс басшылығына алғысымыз шексіз, – дейді Әлібек Мұхамадиев.

Таунар ҚАЙРАТ