Enbek.kz жұмыс табуды жеңілдете ме

362
көрілім

Enbek.kz сайтындағы жаңартылған құралдардың арқасында жұмыс іздеушілерге өздерін жұмыс берушілердің алдында тиімді көрсетуге, ал компанияларға неғұрлым қолайлы қызметкерлерді жылдам табуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Baq.kz ке сілтеме жасап.

- Бұрын Enbek.kz сайты арқылы жұмысқа орналасу кезінде жұмыс беруші мен қызметкер арасында жұмыс тәжірибесі, жалақы мөлшері және атқаратын лауазымына сәйкестігі жөнінде келіспеушіліктер жиі туындады. Көптеген азаматтар сайттағы дағдылар банкі қызметкерлерге қойылатын нақты талаптарды көрсетуге мүмкіндік бермейтіне шағымданатын. Енді біз жүйені заманауи нақтылыққа бейімдедік. Жұмыс берушілермен әртүрлі мамандықтар үшін кәсіби стандарттарды әзірледік. Қазір біз оларды жаңартылған дағдылар банкіне енгіземіз, ол көп ұзамай пайдаланушылардың талаптарына толығымен сәйкес келеді, - деді ЕРДО мамандықтар атласын сүйемелдеу басқармасының басшысы Ольга Киселева.

Жаңашылдықтар қазақстандық жұмыс берушілер қауымдастығы дайындаған 480 кәсіби стандарттың негізінде енгізілді. Enbek.kz сайтында аталмыш жүйе бірінші кезекте жұмыс берушілерге барынша қолайлы мамандардың түйіндемесін, ал ізденушілерге қолайлы мекемелерді көрсететін болады. Таңдау кезінде басымдық түйіндемеде және қажетті маманға қойылатын талаптар тізімін толтыру кезінде жазған кілтті сөздердің (әр маманның қандай жеке дағдылары бар) сәйкес келуіне негізделетін болады. Осылайша, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер қажетті нәтижеге жылдам қол жеткізетін болады.

Жаңартылған дағдылар банкі жақында тесттік режимде іске қосылады. Бірнеше ай ішінде автоматты толтыру негізінде ұсынылатын сұрақтар түрінде ең қажетті дағдылар анықталатын болады. Бұл түйіндемені толтыруды және ізденушілерге қойылатын талаптарды жеңілдетеді. Сондай-ақ, жоба авторлары пайдаланушылардың кері пікірін ала алады.

Дағдылар банкін одан әрі дамыту жаңа стандарттарды енгізуге байланысты жүргізілетін болады. Бұл өз кезегінде Enbek.kz сайтындағы сұрауларды тиімді және жылдам өңдеуге мүмкіндік береді.