Глубокое ауданында қатты жел 19 үйдің шатырын қиратты

171
көрілім

Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Черемшанка, Быструха және Малоубинка ауылдық округтерінде қатты жел соғып, үйлерге зақым келтірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 
Барлығы 19 жер үйдің шатыры қирады. Сондай-ақ Быструха ауылындағы мәдениет үйінің шатыры қирап қалған. 
«Арнайы құрылған комиссия мүшелерімен бірге желден зардап шеккен ауылдарға барып, зақымдалған нысандарды қарап, тұрғындармен сөйлестім. Дауылдың салдарын жою бойынша жұмыс жоспары әзірленген. Мәдениет үйін жөндеу үшін жергілікті бюджеттен қажетті қаражат бөлінеді. Ал үйлері бүлінген азаматтарға Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы материалдық көмек көрсетеміз», - дейді аудан әкімі Елдар Тұмашинов.