Катонқарағай ауданында екі альпинист қайтыс болды

25030
көрілім

Кеше күндізгі сағат 10:00 шамасында Катонқарағай ауданының құтқарушыларына Мұзтауда төрт адам қар көшкінінің астында қалды деген ақпарат түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Апат салдарынан екі адам қайтыс болды. Біреуі 1992 жылы туған. Екіншісі 1988 жылы туыған Ресей азаматы. Сондай-ақ 1990 жылы туған тағы бір адам зардап шеккен. Әйтеуір 32 жастағы бір альпинист аман қалған.
- Жетуі қиын, яғни тау шатқалына ШҚО Төтенше жағдай департаментінің жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен «Қазавиақұтқару» МИ-8 тікұшағы жіберілді. Оқиға орнына келген тікұшақ ауада 1 метр биіктікте қалықтап тұрып, құтқарушылар тікұшақтан түсіп көз жұмғандарды бортқа шығарды. Ал жарақат алған ер адамға апаттық медицина орталығының дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті, - деді ШҚО Төтенше жағдай департаментіндегілер.