Катонқарағай ауданындағы Новохайрузовка ауылы толық ауыз сумен қамтамасыз етіледі

642
көрілім

Катонқарағай ауданының Новохайрузовка ауылы толықтай ауыз сумен қамтамасыз етілмек. Мың жарым тұрғыны бар ауыл осы уақытқа дейін ауыз суға тапшы болып келген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Құны 577 млн теңге құраған жоба бойынша ескі су құбыры толықтай жөндеуден өтіп, әр үйге ауыз су құбыры тартылады. Бұл жайлы Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Катонқарағай ауданының әкімі Ахметқали Нұрғожин мәлімдеді.

– Аталмыш жобаны «ЖармаҚұрылысГаз» ЖШС іске асырып отыр. Биылғы жылы осы мамыр айында басталған қайта жөндеу жұмысы келесі жылы аяқталады, – деді Ахметқали Нұрғожин.

Сондай-ақ, ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Аққайнар ауылына да ауыз су құбырының желісі тартылмақ.