Қазақстанда жаңа полиция бөлімдері құрылды

597
көрілім
Фото gov.kz сайтынан

Қазақстанда жаңа полиция бөлімдері құрылды. Үкімет тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Атап айтқанда: 
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаменті Алатау қаласының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Үлкен Нарын ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Марқакөл ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаментінің Мақаншы ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаментінің Жаңасемей ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай облысы Полиция департаментінің емханасы бар госпиталь" мемлекеттік мекемесі.

«Жоғарыда аталған мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте ҚР Ішкі істер министрлігін ұстауға және жергілікті бюджетке көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін» - делінген құжатта.

Ішкі істер министрлігіне Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулымен байланысты шараларды қабылдау тапсырылды.