Күршім ауданында жаңа мектеп ашылды

9226
көрілім

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Жолнұсқау ауылында заманауи талапқа сай 50 орындық мектептің ашылу салтанаты болды.                                                                                                           

Жолнұсқау ауылындағы ескі мектеп 1971 жылы қолданысқа берілген болатын. Содан бері қарай жарты ғасыр ішінде ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтсе де, төбесі майысып,  балалардың оқуына қауіпті деп, арнайы комиссияның шешімімен апатты жағдайда тұр деген қорытынды шығарылған болатын. 2022 жылдың сәуір айында облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, облыс әкімінің қолдауымен, аудан әкімінің бақылауымен салынған  жаңа құрылыс ауылға сән сыйлап, ауыл тұрғындарына шексіз қуаныш сыйлады.

Мектеп құрылысын мердігер «Plaza Construction» ЖШС жүргізді. Замануи құрал жабдықтармен  қамтамасыз етілген жаңа мектеп құрылысының  ашылуында аудан әкімі А.Акышов, ауыл ақсақалдары сөз сөйлеп, жаңа нысанның кілті салтанатты түрде табысталды.