Күршімде қарда қалған ауылдағы жүкті әйелді құтқарушылар ауруханаға жеткізіп үлгерді

2536
көрілім

Күршім ауданында қар астында қалған ауылдағы жүкті әйелді құтқарушылар аман-есен ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған Күршім ауданында қар құрсауында қалған ауылдардың бірі – Қайнарлы. Онда мүлде жол жоқ. Сол ауылдағы жүкті әйелдің толғағы келген. Құтқарушылар оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізу үшін көмекке ұмтылды. 

«ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жол талғамайтын «Шерп» көлігімен  қарда қалған Қайнарлы ауылына шықты. Олар ауылға дейін биіктігі 1,5 метрден асатын қар қалыңдығын еңсеріп, жолды қақ жарып отырып жетті», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Ауылға табан тіреу үшін 7 сағаттан астам уақыт кеткен. Табандылық танытқан құтқарушылар 2002 жылғы жүкті әйелді Марқакөл ауылында орналасқан ең жақын ауруханаға қауіпсіз жеткізді.