Күршімде паромдардың бірі жүрмей қалды

1569
көрілім
Фото. ustinka.kz сайтынан

Күршім ауданы әкімдігінің мәліметінше, паромдардың бірі жөнделуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

 

8 қараша күні "Ертіс" паромы жөндеуге жіберілді.
Бұқтырма су қоймасындағы "Қызыл ту" өткелімен автомобильдер мен жолаушыларды тасымалдау үшін "Күршім" паромы мен "Одиссей" баржасы іске қосылды.
Еске салсақ, күзде қатты желдің кесірінен паром өткелінде бірнеше рет қозғалыс тоқтатылған.