Онкологиялық орталықтағы Ашық есік күніне 60 тан астам адам қатысты

324
көрілім

Бүгін ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында бас және мойын ісіктері туралы Республикалық хабардар болу апталығына арналған Ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бас және мойын қатерлі ісігі-ауыз қуысы, жұтқыншақ, көмей, мұрын, параназальды синус, қалқанша без және теріні қоса алғанда, 30 локализацияда дами алатын қатерлі ісіктер тобы.
Ашық есік күні онкологиялық орталықтың дәрігерлері пациенттерді тексеріп, ұсыныстар беріп, қатерлі ісіктердің алдын алу туралы айтып берді. Облыс тұрғындары онкологқа терапевттің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан бара алды.
- Бүгін біздің орталық 60-тан астам адамды қабылдады. Мұндай іс-шаралар әрдайым облыс тұрғындарына жағымды әсер етеді. Олардың көмегімен біз маңызды мәселені шешеміз-онкологиялық көмекті халыққа жақындатамыз,-деді ШҚО көпсалалы онкология және хирургия  орталығының оңалту дәрігері, СӨС үйлестірушісі Ирина Лавриненко.
Айта кетейік, ШҚО КОжХО-да ашық есік күні дәстүрлі іс-шара болып табылады және шығыс қазақстандықтардың көпшілігі дәрігерге бару мүмкіндігіне ие болу үшін демалыс күні айына бір рет өткізіледі.