Өскемен қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

426
көрілім

Өскемен әкімінің орынбасары болып Қайрат Танекенов тағайындалды. Ол инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік етпек, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратпен шаһар басшысы Жақсылық Омар өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Айта кетейік, Қайрат Танекенов бұған дейін құрылыс бөлімін басқарған.
– Қайрат Әуелбекұлымен бұрыннан әріптеспіз. Жас маман болып келіп, бес жыл ішінде қалалық әкімдік құрылымында кәсіби жағынан айтарлықтай өсті. Жұмыстың көптеген бағыттарын зерделеп, әріптестерінің құрметіне бөленді, – деді Жақсылық Мұқашұлы.
Қала әкімінің орынбасары лауазымына Қайрат Танекеновтың кандидатурасы облыс басшылығымен келісіліп, бекітілді.
– Осы бес жыл ішінде қалалық әкімдікте жас әрі талапкер адамдардан тұратын ұйымшыл ұжым құрылғаны қуантады. Бүгінде олардың көбі ары қарай өсуге, аса жауапты лауазымдарға тағайындалуға дайын, – деді қала әкімі.