Өскемен көшелерінде мас қыз көлік айдап жүрген

308
көрілім

Өскемен қаласында 25 жастағы қыз жүргізуші куәлігінен айырылса да көшеде мас күйде көлік айдап жүрген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары қала көшелерінің бірінде "Honda" маркалы автокөлікті тоқтатқан. Көлік тізгінінде отырған 25 жастағы қыз мас күйде болып шықты. 
«Құжаттарды тексеру кезінде ол өткен жылы сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Полиция қызметкерлері көлікті арнайы автотұраққа қойды», - делінген ақпаратта.  
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің «мас күйде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы» бабымен тергеу амалдары жүргізілуде. 
Айта кетейік, жыл басынан бері шығысқазақстандық  полицейлер облыс жолдарында 600-ден астам мас жүргізушіні анықтаған.