Өскемен және Семейдегі кезекші ХҚКО-ның жұмыс кестесі өзгереді

442
көрілім

Өскемен және Семей қаласындағы кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі 1 шілдеден бастап өзгереді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Енді халыққа қызмет көрсету орталықтары мереке күндерін қоспағанда, сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Жұмыс күндері олардың жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады: 9.00-ден 20.00-ге дейін.
ХҚКО-ның басқа бөлімдері дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін стандартты кесте бойынша жұмысын жалғастырады.
- Жаңа жұмыс кестесі Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының тиімділігін арттырады деп сенеміз. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді «ХҚКО» қосымшасы арқылы, eGov порталында, EgovKzBot2.0 телеграм-ботында, Egovmobile қосымшасы арқылы да онлайн режимде алуға болатынын еске саламыз, - деп бөлісті «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, кезекші ХҚО-лар тек облыс орталықтарында ғана бар.

Кезекші ХҚКО-лардың мекен-жайлары:
1. Өскемен қ., Белинский к-сі, 37а;
2. Семей қаласы, Б.Момышұлы көшесі 22.