Өскеменде Абай күніне орай көрме ашылды

1917
көрілім

10 тамыз – Абай күніне орай Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада бірқатар шара ұйымдастырылмақ.

Шаралар легі 2 тамызда басталып кетті. «Жаздым үлгі жастарға бермек үшін!» атты кітап көрмесінде Абай шығармашылығы мен өмірбаяны туралы зерттеу кітаптар, баспасөзде жарияланған мақалалар және ақын туралы көркем проза мен поэзия кітаптары ұсынылды.

Көне қолжазбалар, танымал тұлғалар мен Абай ұрпағының ақын туралы айтқан естеліктері мен пікірлерінен үзінділер қойылды. Сондай-ақ хакімнің әлемнің түкпір-түкпірінде тұғырға қонған ескерткіштері мен аударылған кітаптары туралы бейнеролик те жасалды. (Роликке осы сілтеме бойынша өте аласыз: https://bokeylibrary.kz/2023/08/02/%D0%B2%D1%81%D0%B5%D0%BC%D0%B8%D1%80%D0%BD%D0%BE-%D0%B8%D0%B7%D0%B2%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%BD%D1%8B%D0%B9-%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D0%B9/)

- 10 тамызға дейін кітапханамызда Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы бейне-сториттелинг, Абайдың «Қара сөздерінің» орыс тіліндегі көркем аудармасын жасаған ақын Ербол Жұмағұлмен онлайн-кездесу, Абай шығармашылығы бойынша геймификация өткізіледі. Ұлы ақынның Жидебайдағы мұражай-үйіне қашықтан саяхат жасалады. Абай туралы түсірілген деректі және көркем фильмдер апталығы өтеді, - деп хабарлады кітапхана қызметкерлері.

Бұдан бөлек, Абай сүйіп ойнаған «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны бойынша шеберлік сыныбын өткізілмек.