Өскеменде алаяқтар халықты алдаудың жаңа әдісіне көшті

1291
көрілім

Өскемен қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімі интернет-алаяқтықтың жаңа түрі жиілеп кеткенін ескертеді.

- Сізге ҚР ІІМ Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің атынан қоңырау шалады. Бұл жағдайда олар қолданыстағы полиция қызметкерлерінің аты-жөнін, толық мәліметтерін атайды. Олар интернет-алаяқтарды ұстау бойынша әзірлемелер жүріп жатқанын және сіздің атыңыздан несие алғысы келетінін айтады. Алаяқтарды қолға түсіру үшін «сенімді құжаттарды» (банк деректемелері бар жалған бланкілермен электрондық қолтаңбалар) және ақша аудару шоттарын ұсына отырып, несие рәсімдеуді ұсынады. Сонымен бірге олар қылмыскер Сіз аударған ақшаны алған кезде ұсталатынына сендіреді, - делінген ақпаратта.

Сақ болыңыз және алаяқтардың айла-амалдарына түспеңіз. Егер сіз интернет-алаяқтардың куәгері немесе құрбаны болсаңыз,           " 102 арнасына қоңырау шалыңыз.