Өскеменде еріктілер мен белсенділер Шешек асу маңын тазартты

220
көрілім

Өскемен қаласының жастар ресурстық орталығының еріктілері мен белсенділері «Таза Қазақстан» акциясына қолдап, Шешек асуындағы бұлақтың айналасын тазартты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Көпшілікке белгілі, аталған жер қала тұрғындары арасында едәуір танымал. Десе де, келімді-кетімді адамдар мұнда пластикалық ыдыстарды, сусын бөтелкелерін және басқа да қоқыстарды жиі қалдырып жатады. Сенбілік аясында жастар бұлақтың айналасына аз уақытта тәртіп орнатты.


– Мұндай акцияларды әрдайым қолдаймыз және жас ұрпақтың осындай жауапты және еңбекқор екенін көру өте қуанышты, - деп атап өтті Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Әлібек Тұрсымбетов.
Бөлім басшысы қала тұрғындары бұдан былай мұндағы тазалықты сақтайды деген үмітін білдірді.