Өскеменде қаржылық сауаттылық бойынша тренинг өтті

292
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Шара ұйымдастырушыларының сөзінше, қазір кәсіпкер әйелдер арасында тиісті тренингтер өткізуге басымдық берілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Өскемен қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы мұны «Dedeman» қонақ үйінде өткізді. «Solva» компаниясының білім беру платформасы негізінде өткен тренингке қатысушылар қарасы едәуір болды.
Айта кетейік, шара 2020-2024 жылдарға арналған қаржылық сауаттылықты арттыру тұжырымдамасы шеңберінде, сондай-ақ 2020ж.31.05. №338 қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы және Fingramota.kz жоба шеңберінде Агенттіктің қолдауымен жалғасын тапты.
- Білім беру тренингінің мақсаты - өңірдегі шағын бизнесті дамытуды ынталандыру мақсатында кәсіпкер әйелдер арасында қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру болып саналады. Тренингтердің міндеті – кәсіпкер әйелдер арасында бизнесті жүргізудің қаржылық аспектілері туралы базалық білімнің тапшылығын толтыру, сол арқылы оларға өз істерін тиімдірек басқаруға көмектесу және соның салдарынан өңірлерде өмір сүру сапасын арттыру, - деді тренинге жауаптылар.
Жиын қазақ және орыс тілдерінде өтті.