Өскеменде көпірден секірген қыздың жағдайы белгілі болды

424
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден

Бұл туралы облыстық  Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Еске сала кетейік, кеше түнде Ертіс көпірінен оқушы секіріп кеткен болатын. Мұзды судан құтқарылған ол гипотермия диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері хабарланғандай, қызды сол күні түнгі кезекшілікте болған жоғары санатты дәрігер, анестезиолог-реаниматолог Елена Дмитриева қабылдап алған және таң атқанша науқастың жағдайын тұрақтандыруға барын салды.
Ал қызды судан алып шыққан құтқарушы сол маңдағы аурухана дәрігерлеріне қаралып, үйіне жіберілді.
Ақ халаттылардың айтуларынша, қыздың жағдайы таңға дейін тұрақталған. 
- Қазір науқастың өміріне қауіп жоқ. Ол бүгін таңертең Ана мен бала орталығына аман-есен жеткізіліп, қазір қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, - делінген мәліметте.

НҰРДАУЛЕТ ҚАЛИБЕКОВ