Өскеменде көшелерді жарықтандыру жұмысы қалай жүріп жатыр?

408
көрілім
Фотосурет 7kun.kz сайтынан

2017 жылдың 23-ші маусымында «ШҚО мемлекеттік-жекеменшік серіктестігінің аймақтық орталығы» Еуропалық Қайта құру және Даму банкі өзара Өскемен мен Семей қалаларының көшелерін жарықтандыру бойынша келісімшарт жасасқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жоба құны - 4,8 млрд теңге. Оның ішінде, несиелік қаржы - 3,6 млрд теңге, бюджеттен қосымша 1,2 млрд теңге қаражат бөлінген.
2020 жылы 10 желтоқсанда Everlight Electronics компаниясы көшелерді жарықтандыру жүйелеріне қызмет көрсету негізінде «Горсвет LTD» ЖШС компаниясымен келісімшартқа қол қойды. Қазіргі уақытта модернизациялау аясында 11583 шам ауыстырылды, немесе 90%-ды құрады. Өскеменде көше шамдарын жүйесін автоматтандыру бойынша диспетчерлік орталық жұмысын бастады. Жобаны толыққанды аяқтау үшін іске қосу және жабдықтау жағын реттесе болды.
2023 жылы 6 қарашада «Горсвет» ЖШС ұйымы Өскеменге көмек көрсетуден бас тартты. Оның себебі, «ШҚО мемлекеттік-жекеменшік серіктестігінің аймақтық орталығы» АҚ 2023 жылы  көлемінде ақша төлеуден бас тартқан.
2024 жылы 1 ақпанда «ШҚО мемлекеттік-жекеменшік серіктестігінің аймақтық орталығы» теңгеріміндегі іске жарамсыз шамдар саны 2000-ға жетті. Олардың 1442-сі 62 көшенің бағандарында жанбай тұр. Ал 600-ге тарта шам мүлде жанбайды. Осы мәселені назарына алған «Digital Security» ұйымы мониторинг жүргізді. Олардың ақпаратынша, көшелерді жарықтандыру жүйесінің тозығы жеткен. Сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасыз орындалуы модернизация кезінде де, құрылыс кезінде де анықталды. 
Бұл мәселелер басты назарға алынып, алдағы уақытта кабельдік құрылғыларды жаңарту жұмыстары атқарылмақ.