Өскеменде неліктен автобустар сирек жүріп жатыр?

333
көрілім
almaty.tv

Бұған қалалық жолаушылар тасымалдауды басқару орталығының өкілі Руслан Төлеубеков жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, аязға байланысты желіде қоғамдық көлік саны азайды. Аталған орталықтың техникалық сұрақтар бойынша бас инженері Руслан Төлеубеков мұның басты себебі, жанармайдың қатып қалуымен байланысты екенін айтты.
- Қазіргі таңда қоғамдық көліктерді желіге шығару жұмыстары жүргізілуде. Қала тұрғындарынан Oskemenbus қолданбасы арқылы сапарларын жоспарлауды сұраймыз, - деді ол.