Өскеменде Тәуелсіздік монументі мен С.Нұрмағамбетов атындағы саябақ маңы тазаланды

186
көрілім

Ел аумағында жүргізіліп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының екінші аптасы өтіп жатыр. Өскемен тұрғындары аталмыш шараға белсене қатысып, қоршаған ортаны қорғауға атсалысуда.

Өңірдегі мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер, колледж студенттері мен жастар ресурстық орталығының мамандары, ірі кәсіпорындарының жұмысшы жастары, саяси партиялардың белсенді жастары экологиялық акцияның «Киелі мекен» апталығында облыс орталығындағы Тәуелсіздік монументі мен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы саябақтың маңын тазалады.

Шараға 100-ден астам адам қатысты.

– Акция аясында күн сайын сенбіліктер өтуде. Оған жастар белсенді қатысып жатыр. Барлығына алғыс айтқым келеді. Алдағы уақытта көшет егу жұмыстарына да бір кісідей атсалысатын боламыз, - деді ШҚО волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Айдос Әділбеков.