Өскеменде трамвай мен көлік соқтығысып қалды

1597
көрілім
Өскемен қаласында трамвай мен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі. 
 
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 15 тамызда Абай және Шәкәрім даңғылдарының қиылысында болған.
 
«Трамвай мен «ВАЗ 2115» маркалы автокөлік соқтығысты. Анықталғандай, жол апатына трамвайдың 25 жастағы жүргізушісі себепкер болған. Ол қауіпсіз жылдамдықты таңдамай, рельсте тоқтап тұрған көлікке соғылған. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.