Өскеменде Зайсан ауданының мәдени күні өтеді

6864
көрілім

Облыс орталығында Зайсан ауданының мәдени күні өтеді. Өткен аптада қалаға Тарбағатай ауданынан келген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Зайсан ауданының мәдени күні 15-16 қыркүйекте өткізілмек. «Туған ел – алтын бесігім» атты Гала концерті 15 қыргүйекте сағат 18.30-19.45 аралығында ұйымдастырылады.  Дәл осы уақытта ауылшаруашылық және өнеркәсіп өнімдерінің, қолөнер, зергерлік бұйымдар, балалар шығармашылығы, аудандық тарихи-өлкетану музейінің  көрмес болады. Шара «Сму-Шығыс» компаниясының демеушілігімен мерекелік отшашумен аяқталмақ.
Келесі күні FresҺ Market  сауда орталығында өтетін шаралар төмендегідей:

- Зайсан ауданының ауылшаруашылық  жәрмеңкесі (08.00-14.00)

- Зайсан ауданы көркемөнерпаздарының концерті (9.00-12.00)

- Зайсан ауданы ауылшаруашылық және өнеркәсіп өнімдерінің, қолөнер, зергерлік бұйымдар, балалар шығармашылығы, аудандық тарихи-өлкетану музейінің  көрмесі (9.00-12.00)

- Ұлттық спорт түрлерінен сайыстар: қол күресі, арқан тарту, штанга және  кір тасын көтеру, қой мен серке көтеру) (9.00-12.00)

- «Зайсанның  дәмі» жәрмеңке қонақтарына палау, бауырсақ, тәттілер тарату (9.00-12.00)

Ал Шығыс Қазақстан облыстық балалар және  жасөспірімдер кітапхасында өтетін шаралар:

- Зайсан ауданының тумасы, балалар жазушысы, публицист, Халықаралық «Андерсон» сыйлығының иегері Марат Қабанбайдың 75 жылдық мерейтойына орай «Балалар әдебиетінің жарық жұлдызы» атты еске алу әдеби кеші.
М.Қабанбай шығармашылығының көрмесі (10.00-11.00).

С.Аманжолов атындағы  Шығыс Қазақстан университетінде  өтетін шаралар:

- Жергілікті өлке тарихын жазушы, Қазақстан Республикасының  Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, 30-ға жуық  кітаптардың авторы, Абай тақырыбына сөзжұмбақ  құрастырудан есімі Қазақстан КИНЭС–тер энциклопедиясына енген Қалибек Алтыбаевтың С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттерімен кездесу кеші, көрме
- Зайсан  поэзия жастар театрының Абай тақырыбына қойылымы. Модератор: Қазақстан  Республикасының мәдениет қайраткері С.Құсанбаев (11.30-12.30)

Арбатта өтетін шаралар:

- Зайсан ауданы өнерпаздарының концерті (16.00)

- Қолөнер, балалар шығармашылығы, аудандық тарихи-өлкетану музейінің көрмесі (16.00)

- Спорттық сайыстар (садақ ату, тартыспақ, арқан тарту, ләңгі тебу. Қаппен картоп, ұн, қант көтеру (16.00)

- Сурет көрмесі, сурет конкурсы (16.00).