Осы аптада Өскеменде Катонқарағай ауданының шаруа қожалықтары жәрмеңке өткізеді

694
көрілім

Алдағы сенбіде, яғни 13 мамыр күні облыс орталығында Катонқарағай ауданының шаруа қожалықтары кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сауда-саттық таңғы сағат 9.00-де «Freshmarket» фермерлік гастрономының (Сәтпаев даңғылында) алдында басталады. Шаруа қожалықтарының өкілдері сапалы, әрі арзан бағада ет, балық, май, сүт тағамдарын сату сөрелеріне қоймақ.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ