Президент шенеуніктерге жергілікті жолдардың 95 пайызын жақсартуға тапсырма берді

14344
көрілім
Шартты фотосурет

Айтуынша, Қазақстан қазір геосаяси жағдайда Азия, Еуропа арасындағы аса маңызды құрлық дәліз болып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 - Біз бұл мүмкіндікті толық пайдаланып, әлемдік маңызы бар көлік тасымалы торабына айналуымыз керек. Еліміз осы салада ірі жобаларды жүзеге асыра бастады. Атап айтқанда, Ақтауда контейнер хабы құрылып жатыр. Транскаспий дәлізі дамып келеді. Осы жұмыстарға әлемдегі маңызды логистика компаниялары тартылады. Қазақстан теміржолы компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады. Автожол құрылысына соның ішінде, жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек. Бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр. Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында.