Риддердегі жалғыз қазақ мектебінің жабылғаны туралы жалған ақпарат тарауда

376
көрілім
ШҚО Білім басқармасы Риддер қаласындағы жалғыз қазақ мектебі жабылды деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі. 
Бүгін әлеуметтік желіде Риддерде орналасқан мемлекеттік тілде оқытатын жалғыз мектептің жабылғаны жайлы ақпарат тарады. Облыстық Білім басқармасының хабарлауынша, бұл шындыққа сәйкес келмейді., 
- Риддер қаласындағы «Шаңырақ» көп бейінді мектеп-гимназиясы» КММ күрделі жөндеу жұмыстарының қажеттілігіне байланысты мектеп басқа ғимаратқа көшірілді. Мекеме штаттық режимде жұмыс жасауда. Барлық 100% оқушы білім алумен қамтамасыз етілген. Мемлекеттік білім беру стандарты орындалуда, - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта Риддерде жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Жоспар бойынша ол 2024 жылы салынып бітпек. Бұл білім ордасы мемлекеттік тілде оқытатын болады.