Сарыбелдің суы - жан самалы

587
көрілім

Жаз айларында Самар ауданының Сарыбел ауылына туристтер мен суға шомылуға асыққан жандар көптеп келеді. Сарыбелдің суы – жан самалы, жан рахаты. Бұл туралы Бұқтырма мөлдіріне бір сүнгіп шыққан жанның бәрі тамсана айтады.

Сарыбел ауылы 1959 жылы құрылған. Сайын далада алтын құм жоталарымен көздің жауын алатын мекеннің бұл ежелгі атауы. Ауылдың тарихи атауы 2010 жылы қайтарылды. Бұрын ол Ново-Тимофеевка деп аталып келген. Бүгінгі күні Бұқтырма су қоймасының жалпақ жартасты, алтын құм төбелі жағалары саяхатшылардың сүйікті мекені.

Жағалауда жаздық үйлер мен әсем коттедждер қаз-қатар орналасқан демалыс базалары алыстан көз тартады. Жыл сайын саны артып, сапасы жақсарып келе жатқан демалыс базалары күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәт демалып, заңғар таулар аясындағы толқынмен сырласып, қиял әлеміне батуға шақырады.

Күнделікті күйбең тіршілік пен таусылмас қарбаластан шаршаған жандар бір уақыт жыраққа барып, көрікті мекендерді тамашалап, ми сергіткісі келетіні айдан анық. Бұл тұрғыдан алып қарағанда Сарыбел жағалауының берері мол.

Омарова Айнұр Муслимқызы,

Астана қаласы