«Семей орманы» резерватында тағы өрт шықты

436
көрілім

Абай облысындағы «Семей орманы» резерватында өрт шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Облыстық ТЖД мәліметіне сүйенсек, 26 сәуірде Бородулиха ауданында орналасқан «Семей орманы» резерватында өрт шыққан.

«Дмитриев орман шаруашылығының мемлекеттік инспекторы орман өртін анықтады. Оқиға орнына орман күзетінен 7 техника мен 11 адам жедел шығып, қызыл жалынды ауыздықтауға кірісті. Бұдан кейін алгоритмге сәйкес өрт туралы ақпарат Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментіне жіберілді», - делінген ақпаратта.

Өртті сөндіруге ТЖД және табиғи резерватынан 36 адам мен 9 техника жұмылдырылды. Бұл аймақ батпақты жетуі қиын жерде орналасқан.

Семей қаласынан қосымша Абай облысы ТЖД күштері мен құралдарынан 21 адам және 6 бірлік жіберілді. Сағат 15.04-те алдын ала 0,22 га аумақтағы қызыл жалын оқшауланды.