Семей тұрғыны алаяққа алданып, 700 мың теңгеге жуық ақшасынан айырылды

23609
көрілім
Шартты сурет

Семей қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 47 жастағы жергілікті тұрғын шағымданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жәбірленушінің айтуынша  маусым айында бейтаныс жігіт ақшалай  көмектесемін деген желеумен 680 000 теңге көлемінде несие ресімдеген.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде күдікті өз  кінәсін мойындады. Ол  19 жастағы қала тұрғыны болып шықты, – делінген мәліметте.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 - бабы 1-бөлігіне сәйкес (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталғанға қатысты келу міндеттемесі түріндегі мәжбүрлеу шарасы таңдалды.