Семей тұрғыны қызын өлтірді деген күдікпен ұсталды

949
көрілім

Абай облысының із-түссіз жоғалып кеткен тұрғынын өлтірді деген күдікті ұсталды. Ол - марқұмның анасы, деп хабарлады Buqara.kz сайтының тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

26 мамырда Бородулиха ауданының 30 жастағы тұрғыны жоғалып кеткен. Еріктілердің берген бағдары бойынша ол Семейге бағыт алған көлікпен кеткен. Одан кейін байланысқа шықпаған. Кейін полиция оның анасы 2 маусымда қызының жоғалғаны туралы арыз бергенін хабарлады.
"Ауыл станциясының 59 жастағы тұрғыны қызын іздеуге көмек сұраған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде" - деп хабарлады ведомстводан.
2 маусым күні кешке тәртіп сақшылары жоғалған әйелдің денесін тапты. 3 маусымда полиция күдікті ретінде қыздың анасының ұсталғанын хабарлады. Тергеу "Адам өлтіру" бабы бойынша жүргізілуде.

Талант Тұрсынов