Семейде қаңтар оқиғасына қатысқан үш адам сотталды

411
көрілім
Фотосурет inform.kz сайтынан

Қалған қылмыстық істерге қатысты дәлелдемелерді жинау бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Үш күдіктіге қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды және олар сотқа берілді. Олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасаған («жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу», сондай-ақ «билік өкіліне қатысты күш қолдану»).
Семей қаласының №2 соты күдіктілер мен Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы арасында жасалған процестік келісіміне сәйкес сондай-ақ, ізгілік қағидаттарын басшылыққа алынды. Соның нәтижесінде олардың толық өкінгендері мен келтірілген залалды өтегендері ескеріліп, үш адамға шартты түрде бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды.
Сотталғандардың кінәсі негізінен қылмыс жасалған жердегі бейнежазбалармен, куәгерлердің көрсетпелерімен, сондай-ақ алынған заттай айғақтармен дәлелденеді.
Қалған қылмыстық істер өндірісте және аяқталу сатысында, дәлелдемелерді жинау бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.