Семейде көлік таптап кеткен әйел көз жұмды

1250
көрілім
Фото ашық дереккөзден

Семей қаласында көлік таптап кеткен әйел көз жұмды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Абай облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 33 жастағы әйел адамды қасағана көлікпен таптап кеткен. Алған жарақаттарынан ол ауруханада көз жұмды.

- Аталған факті бойынша Әуезов полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдікті анықталып, ұсталды. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен,  сот-медициналық сараптамалармен дәлелденді. Қазіргі уақытта күдікті сотқа берілген, - делінген ақпаратта.

Ведомство дерегінше, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, марқұм әйелді көлікпен таптаған оның кездесіп жүрген жігіті.