Шетел криминалдық авторитеті Қазақстанда ұсталды

567
көрілім
Фото: Polisia.kz

Қазақстанның құқық қорғау органдары шетелдік криминалитеттің ықпал ету әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Ірі транзиттік маршруттар және мемлекеттің тұрақты дамуы шетелдік инвесторларды ғана емес, шетелдік криминалитет өкілдерін де қызықтырады. 

Ішкі істер министрлігі ҰҚК және Бас прокуратурамен бірлесіп, қылмыстық ортада, оның ішінде Қазақстаннан тыс жерлерде болып жатқан процестерді тұрақты бақылау және қадағалау нәтижесінде шетелдік криминалитеттің кез келген әрекетіне уақтылы және жедел тосқауыл қояды. 

Өткен жылы Қазақстан аумағына жақын шет елдерден кірмек болған қылмыс әлемінің төрт өкілінің әрекеті тоқтатылды.

— Биыл 19 мамырда Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және ҰҚКД жедел мәліметі бойынша қылмыстық ортада «вор в законе» атағы бар 1963 жылы туған іргелес мемлекет азаматының ел аумағына кіру фактісін анықтады. Ол Орал қаласының полициясына жеткізілді. Қажетті тексеру шараларын өткізгеннен кейін ер адам Қазақстан аумағынан Ресейге бағыт алып, көрші мемлекеттің құқық қорғау органдары оны ұстады. Қолда бар мәліметке сәйкес Ресей сот органдары оған қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 210.1-бабы «Қылмыстық иерархияда жоғары дәрежені иелену» бойынша іс қозғаған, — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.