ШҚО құтқарушылары балалар үйінде ағаш отырғызды

214
көрілім

Балаларды қорғау күніне орай құтқарушылар “Балалар ауылына” барып, сол мекеменің тәрбиеленушілері және ұстаздарымен бірлесіп, ағаш отырғызды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

- Ағаш отырғызу арқылы біз өсіп келе жатқан ұрпақты табиғатты сүюге тәрбиелейміз. Егер ағаш еккенде жақсы көңіл-күймен жүрсек, онда көшеттер жақсы өседі. Ағаш отырғызғанда балалар бір-біріне көмектесіп, достастықтарын көрсете білді, - дейді Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ерғали Бахаев.
«Мейірім» акциясы аясында құтқарушылар балалар үйінің тәрбиеленушісі Роман Цойға әлеуметтік-патронаттық қолдау көрсететіндіктерін айтты. 
Балалар үйіне барған құтқарушыларға экскурсия жасалып, сондағы үйлер көрсетілді. Олар балалардың тұрмыстық жағдайларымен, қалай оқитындықтарымен, творчестволарымен танысты. 
Офицерлер балаларды келе жатқан балаларды қорғау күнімен құттықтап, сыйлықтарын беріп, алдағы каникул кезіндегі қауіпсіздік нұсқаулықтарымен таныстырды. Балалармен естелікке суретке де түсті.