ШҚО-да алдағы күндері қатты ыстық күтіледі

580
көрілім
Шартты фотосурет

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыс және оңтүстік циклон әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

- 22 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай жарқылдап, жел күшейеді. Республиканың батыс аймақтарында аптап ыстық басылады, Қазақстанның солтүстігінде күндіз ауа температурасы +23+28 градус аралығында болады. Республиканың шығыс, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде. Ауа температурасының шамалы төмендеуіне қарамастан, ол климаттық нормада сақталады, - делінген синоптиктер хабарламасында.