ШҚО-да есірткі саудасы үшін халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

20810
көрілім

25 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өңір аумағында «Іздестіру» республикалық жедел-алдын алу іс – шарасы өткізіліп, талай жылдан бері іздеуде жүрген күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шара аясында Үржар ауданының криминалдық полиция қызметкерлері 10 жылға жуық ресейлік құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген 48 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Ер адам 2013 жылдан бастап есірткі сатқаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған.
Қашқын Үржар ауданындағы туысының үйінде уақытша жасырынып жүрген.
- Іздестіру бастамашысына қатысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес бұлтартпау шарасы таңдалғандықтан ер адамнан жауап алынып, келуге міндеттелді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Республикалық операцияны жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 29 қылмыскерді құрықтаған, сондай-ақ 16 хабар-ошарсыз кеткен. Оның ішінде кәмелетке толмаған бес адамның орналасқан жерін анықтады.