ШҚО-да «Үздік салық төлеуші» анықталды

1047
көрілім

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2021 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік салық төлеуші», «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» атағына лауреаттарды марапаттау салтанаты өтті.

Департамент басшысы Бимағамбетов Саят Сайлаубекұлы өзінің құттықтау сөзінде «Үздік салық төлеуші» және «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы (СЭҚ)» акциясы жыл сайын мемлекеттік кірістер органдарымен әріптестік қатынастарды нығайту және салық төлеушілердің мемлекеттік кірістер органдарына деген ашықтығы мен сенімін арттыру мақсатында өткізетінін атап өтті.

Сондай-ақ Департамент басшысы экономикалық тұрақтылық – біздің мемлекетіміздің маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында экономика мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Осыған байланысты, келесі жылы салықтық әкімшілендіруді жеңілдету арқылы бизнес қызметін жүргізуді оңайлататын жаңа Салық кодексі дайындалады.

Акция қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің критерийлеріне сәйкес Шығыс Қазақстан облысының «Үздік салық төлеуші», «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» атағына лайықты деп танылған 12 лауреат анықталғаны жайлы хабарлады.

Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Сабралимова Гүлмира Камильевна 2021 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік салық төлеуші» және «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» байқауының 12 жеңімпаз лауреатының есімдерін атап, оларға салтанатты түрде дипломдар табыс етілді.

Марапаттау рәсімінен кейін лауреаттар атынан «Заречье Эко - Лэнд» ЖШС басшысы Фроимчук Светлана Анатольевна және «Орика - Қазақстан» АҚ-ның қаржы директоры Канина Елена Михайловна ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне көрсеткен ілтипаты мен сенімі үшін алғыстарын білдірді.

Сонымен қатар бизнес өкілдерімен салықтық әкімшілендіру бойынша өзекті мәселелер талқыланды, кәсіпкерлер жаңа Салық кодексінің жобасын бірлесіп талқылауды ұсынып, өз ұсыныстарымен бөлісті.